• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қараша, 2022

Археолог асулары

319 рет
көрсетілді

Астанадағы Ұлттық музейде белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашевтың мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Мазмұнды іс-шара «Берел» ғы­лыми-зерттеу қорының ашылуы­мен басталды. Онда Зейнолла Са­машев жетекшілік еткен архео­ло­гиялық экспедицияның әр жылдары «Берел» сақ қорғандарынан тап­­қан бірегей артефактілері жи­нақ­талған. Қорға енген 2 мыңнан астам археологиялық зат толықтай зерттеліп, қалпына келтірілген. Әсі­ресе сақ қорғандарынан табылған алтын бұйымдар мен әшекейлер, ат әбзелдері мен қару-жарақ түрлері және ағаш қималары мен діңгектерінің бөл­шектеріне жұртшылық таңырқап қарады.

Одан кейін іс-шара «Дала қор­ғандарының құпиялары» атты көр­­­меге ұласты. Бұған Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуе­шов қа­тысып, айтулы ғалымның археология мен тарих ғылымына сіңір­ген еңбегін еңбегін ерекше атап өтті. Ғалымға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құт­тықтау хаты мен «Мәдениет сала­сының үздігі» төсбелгісін табыс етті. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан об­лысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов та мерейтой иесіне ізгі лебізін білдірді. Аталған көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлер ұсынылды.

Сондай-ақ мәдени іс-шара барысында археологияның өзекті мәселелеріне, ескерткіштерді зерттеу мен қорғауға байланысты дөң­гелек үстел мәжілісі өтіп, онда тарих­шылар, археологтер және қоғам қайраткерлері отандық археология саласындағы маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптарды ортаға салып, ой бөлісті.

Кеш соңында Зейнолла Самашев өзінің барлық саналы өмірін ар­наған археология ғылымы туралы пара­сатты ой қозғап, осы іс-шараны ұйым­­дас­тыруға атсалысқан азаматтар мен жи­налған қауымға алғысын білдірді.