• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Қараша, 2022

Футболдан әлем чемпионаты: Англия құрамасы Иранды жеңді

344 рет
көрсетілді

Англия құрамасы Иран құрамасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирандықтар үшін ойын басынан-ақ сәтті болған жоқ. Шамамен ойынның алғашқы үштен бір бөлігінде ирандық қақпашы Алиреза Бейранванд жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады.

Ал, ағылшындық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің өзінде олар Иран құрамасының қақпасына үш гол соғып үлгерді.

Ирандықтар матчтың бағытын өзгертуге тырысып, ағылшын командасының қорғаушылары мен қақпашысына белсенді түрде қысым көрсете бастады, бірақ қарсылас команда мұндай жағдайға дайын болды.

Осылайша Англия құрамасы қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.