• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2022

Атырауда браконьерлер гаражда балық пен есірткі сақтаған

146 рет
көрсетілді

Ер адам гаражда 120 келіден астам балық пен есірткі сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полицейлер «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі мен бекіре балықтарын заңсыз сақтаған үш адамды анықтады. Олардың бірінің гаражын тінту кезінде салмағы 101 келі балық, бекіре тұқымдас балықтан 20 келі, 7 дана көлемінде есірткі заттары табылды. Күдіктілердің бірінің гаражынан 5 моторлы қайық пен тіркелмеген қос ауызды 16-калибрлі шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Ұстауға Атырау облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының және №1 қалалық бөлімнің полиция қызметкерлері қатысты», деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

1981, 1984 және 1976 жылы туған үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне, 296 баптың  2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.