• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2022

Қазақстанда электр және жылу желілерінің тозуы 15%-ға төмендейді

244 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясатқа қатысты жолданған депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, тарифтік саясатты реформалау үшін табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы –«инвестицияларға айырбастау тарифі» ұсынылады, ол бойынша келесі міндеттерді іске асыру көзделген:

электрмен жабдықтау желілерінің, су құбыры желілерінің жылу коммуникацияларының тозу көрсеткішін кезең-кезеңмен орташа есеппен 15%- ға төмендету; кәсіпорындарда инновациялық шешімдерді енгізу және жабдықтарды жаңғырту үшін пәрменді ынталандыруды енгізу; кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тарту; монополисттің иелігінде табыстың белгілі бір үлесін сақтау.

«Алдын ала деректер бойынша, желілердің тозу деңгейін 15% төмендету көрсеткішіне 2030 жылға дейін қол жеткізу жоспарлануда. Тиісті есептеулер бойынша жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін жылына 400 млрд теңге инвестиция тарту қажет болады. Салалар бойынша желілердің орташа тозу деңгейі келесідей: электрмен жабдықтау: 65% - дан (2022 жыл) 50% - ға дейін (2030 жылға қарай); жылумен жабдықтау: 57% - дан (2022 жыл) 42% - ға дейін (2030 жылға қарай); сумен жабдықтау: 53% - дан (2022 жыл) 38% - ға дейін (2030 жылға қарай); су бұру: 63% - дан (2022 жыл) 48% - ға дейін (2030 жылға қарай); газбен жабдықтау: 35% - дан (2022 жыл) 19% - ға дейін (2030 жылға қарай)», деп толықтырды Үкімет басшысы.