• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қазан, 2022

Ақсу қаласында балабақша қызметкері балаларды ұрып-соққан

Павлодар облысының балабақшаларының бірінде балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 қазан күні Ақсу қаласының полициясына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен балаларға дене жарақатын келтірген №12 балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық өтініш келіп түсті.

«Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастады. Бейнежазбалар алынды. Қарау кезінде балабақша қызметкері кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ тексеру нәтижелері мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.

Соңғы жаңалықтар