• RUB:
    5.05
  • USD:
    448.12
  • EUR:
    481.1
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2022

Таразда 1 қап қару-жарақ табылды

293 рет
көрсетілді

Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

 

«19 қазанда облыс орталығындағы аудандардың бірінде өзен жағасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған қап табылды», делінген хабарламада.

Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаруларға сот-балистикалық сараптамасы тағайындалды.