• RUB:
    5.26
  • USD:
    457.98
  • EUR:
    490.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2022

Павлодарда ер адам көпқабатты үйден құлап кетті

165 рет
көрсетілді

Павлодарда ер адам көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлер Назарбаев даңғылы, 89/2 үйінің ауласынан белгісіз ер адамның денесін көрген. Олар оқиға орнына жедел жәрдем шақырды.

«Қоңырау 14:47-де түсті. Жедел-жәрдем қызметкерлері алты минутта оқиға орнына барды. Дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтады», деп хабарлады облыстық жедел-жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам шамамен 30 жаста болған.