• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қазан, 2022

Биыл жол апатынан 200-ге жуық бала қаза тапты

261 рет
көрсетілді

2022 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші өскен. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Әдетте, балалар өте ауыр жарақат алады. Балалардың жол ережесін білмеуі немесе оларды елемеу салдары жол апатының себебі болып отыр», деді Ж.Мұраталиев.

Баяндамашы биылғы тоғыз айда кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші өскенін айтты. Мәселен, балалардың қатысуымен 2378 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 181 бала қаза тауып, 2826 бала жарақат алды.

Жандос Мұраталиев мысал ретінде биылғы жылдың 13 қазанында Алматы облысында орын алған жол-көлік оқиғасын келтірді.

«Жүргізуші «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында «Мерседес» көлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп,  «Субару Легаси» көлігімен жанама соқтығысты. Сосын жол жиегінен шығып келе жатып, кедергіге соғылып, нәтижесінде алты адам оқиға орнында қаза тапты, олардың төртеуі кәмелетке толмағандар еді», деді Жандос Мұраталиев.