• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Қазан, 2022

Еуро-2024: Қазақстан құрамасының матч кестесі пайда болды

658 рет
көрсетілді

Футболдан Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының матч кестесі жарияланды. Магомед Адиевтің шәкірттері алғашқы ойынын 2023 жылдың 23 наурызында Словения командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚФФ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық футболшылар төменде көрсетілген кесте бойынша тағы 9 ойын өткізеді:

26 наурыз, 19:00. Қазақстан - Дания;

16/17 маусым, 00:45. Сан-Марино - Қазақстан;

19/20 маусым, 00:45. Солтүстік Ирландия - Қазақстан;

7 қыркүйек, 20:00. Қазақстан - Финляндия;

10 қыркүйек, 19:00. Қазақстан - Солтүстік Ирландия;

14/15 қазан, 00:45. Дания - Қазақстан;

17/18 қазан, 00: 45. Финляндия - Қазақстан;

17 қараша, 20:00. Қазақстан - Сан-Марино;

20/21 қараша, 00:45. Словения - Қазақстан.

Матчтардың басталуы Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Айта кетсек, Еуро-2024 соңғы кезеңі Германияда 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтеді.