• RUB:
    5.04
  • USD:
    447.37
  • EUR:
    487.23
Басты сайтқа өту
Экология 06 Қазан, 2022

«Таза Көкжайлау» акциясы өтті

125 рет
көрсетілді

Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы Көкжайлау шатқалында «Таза Көкжайлау» тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тазалық акциясы барысында топтарға бөлінген тазалаушылармен Көкжайлау шатқалы қоқыстан тазартылып, демалушыларға табиғатты аялау, қорғау, ластамау жайлы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Осындай тазалық акциясына белсене қатысып атсалысқан еріктілер, қоғам белсенділері, қала тұрғындары мен қонақтарына, спорттық туристер қауымдастығы, «Бодрячок» клубы, Медеу аудандық «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Алматы қалалық экология департаменті, ұлттық парк қызметкерлері өз үлестерін қосты.

Соңғы жаңалықтар