• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Қазан, 2022

Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті

164 рет
көрсетілді

Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты.