• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Футбол 25 Қыркүйек, 2022

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасымен кездеседі

347 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Әзербайжан құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл кездесу - Магомед Адиев шәкірттері үшін 2022 жылғы Ұлттар лигасындағы соңғы матч.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский баспасөз мәслихатына қатысып, Әзербайжан құрамасының осал қарсылас еместігін айтты.

- Жігіттер ұйымдасқан түрде ойнайды. Ия, бізге ешқандай қысым болмайтыны рас. Бірақ соңына дейін күресіп, бас бапкердің осы ойынға арналған жоспарын орындауға тырысамыз. Әзербайжанның оңай қарсылас емес екенін алғашқы матчта байқадық, - деді ол.

Айта кетейік, Бакуде өтетін Әзербайжан – Қазақстан ойыны Астана уақытымен 21:50-де басталады.