Өліп қалған арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілерінен жасалған эмбрион иттің құрсағына салынған, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Майя - әлемдегі алғашқы клондалған арктикалық қасқыр. Ол жойылып кету қаупі төнген қасқырдың өзге түрлері үшін үміт сәулесін сыйлаған.
Клондалған қасқырды дүниеге әкелген ғалымдардың айтуынша, ол 9 ай бұрын Қытайдың солтүстігіндегі хайуанаттар бағында өлген басқа арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілері арқылы алынған. Кейін эмбрион бигл тұқымдас иттің құрсағына салынған.
«Жаңа туған қасқырдың гені генетикалық үлгілері алынған қасқырмен бірдей. Бірақ клондалған жануар басқа қасқырлармен емес, иттің жанында жүрген», дейді жобаны жасаушы Sinogene Biotechnology компаниясының менеджері Цзяо Цзиньпин.
Sinogene Biotechnology компаниясы аталған оқиғаның нәтижесі жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтауға үлес қоса алатын генетикалық технологиядағы үлкен жетістік деп отыр. Дегенмен, жануарларды клондау қайшылығы көп әрекет екені рас. Мәселен, ғылыми қоғамдастықтың кейбір топтары клондау этикаға және биоәртүрлілікке орасан нұқсан келтіреді деген пікірде. Бірақ бұл күмәнді қуаттайтын да, жоққа шығаратын да мардымды арументтер әлі де болса дәлелдеуді қажет ететін сыңайлы.