• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Тамыз, 2022

Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, екі адам ауруханаға түсті

204 рет
көрсетілді

Түркістан облысында трасса бойында кетіп бара жатқан жылқыларды көлік соғып, 2 жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға бүгін Түлкібас ауданы аумағында болған.

Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының 611- шақырымында үш жылқыны қағып, мерт қылған.

«Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер Түркістан қаласынан Алматыға қарай бағыт алған көліктің алдынан жолдың сол жақ бетінен бірнеше жылқы атып шығып, жол апаты орын алғанын анықтады. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жалпы көлік ішінде төрт адам болған, оның бірі - кәмелет жасқа толмаған бала.