• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Шілде, 2022

Қазақстанға қантты заңсыз әкелмек болған

151 рет
көрсетілді

Қырғызстан азаматы Қазақстанға 6 тонна қант әкелмек болған. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мәлімдеді.

Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан тұрғыны жеке көлігіне 6 тонна қант тиеп, Қазақстанға әкелмек болған. Бірақ ол өз елінің шекарасынан асып кете алмады. Құқық қорғаушылар «Мерседес-Бенц» автокөлігін тексеріп, заңсыз тауарды тәркілепті. Жүргізушінің көрсеткен ілеспе құжаттарында түйіршіктелген қантты шекарадан кіргізуге рұқсат құжаты болмаған.

Айта кетейік, Қырғызстан Рес­пуб­ликасы Министрлер кабине­тінің қаулысымен ел аумағы­нан ауыл шаруашылығы өнімдері­нің жекелеген түрлерін әкетуге (экспорттауға) уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылданған. Әсі­ресе құжатта түйіршіктелген қант пен қамыс қантын экспорт­тауға рұқсат жоқ екені көрсетілген.

Әлемдегі қант өндірісін са­ра­­ласақ, ауыл шаруашылығы ға­лым­дарының айтуынша, қазіргі кезде экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты әлемде қант өндіру ісі де жылдан-жылға азайып барады. Әсіресе Еуроодақ елдерінде қант өндіру көрсеткіші төмендеген.

Мәселен, 2019-2020 жылдары ЕО елдері 17,25 млн тонна қант өндірген. Ал 2020-2021 жылдары 16,1 млн тоннаға дейін төмендеген. Жалпы, Еуропа қызылша қантының әлемдегі ең ірі өндірушісі, жаһандағы қант өндірісінің 20%-ын құрайды. Қызылшадан қантты негізінен Франция, Бельгия, Нидерланд, Германия және Польшада өндіре­ді. Құрғақшылық пен қызылша­ның сары вирус ауруы Еуропа­да қант өндірісінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етті.

Сонымен қатар әлемдегі қант экспорттаушы елдердің бірі Тай­ландта 2019-2020 жылдары қант өндірісі 7,9 млн тоннаға дейін тө­мендеген. Мамандар мұның басты себебі елдегі құрғақшылық екенін айтады.

Жалпы, дүние жүзіндегі қант құрағының өндірісі 1,4 млрд тон­наны, ал қант қызылшасының үлесі 270 млн тоннаны құрай­ды. Қант құрағынан Бразилия – 27,7 млн тонна, Үндістан – 19,9 млн тонна, Қытай – 9,7 млн тонна, АҚШ-та  2,2  млн тонна өнім өндіреді. Әлем бойынша қант қызыл­шасының егістігі 5 млн гек­тар жерге егіледі.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпаратына сәйкес қант қызыл­шасының ірі өндірушілері Ресей (45 млн тонна), Франция (33 млн тонна), АҚШ (31 млн тонна), Германия (27 млн тонна), Украина (18 млн тонна), Түркия (15 млн тонна) саналады. Қазақстанға қант негізінен Ресей мен Беларусь мем­лекетінен жеткізіледі.