• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Шілде, 2022

Қытайдан заңсыз тауар әкелмек болған адам жауапкершілікке тартылды

141 рет
көрсетілді

ЖШС иесі Қытайдан Қазақстанға жалпы құны 27 млн теңге болатын автобөлшектер, аккумуляторлар, дәнекерлеу аппараты мен шаруашылық тауарларын әкелуге тырысқан. Оның үстіне компания кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қалжат» кеден бекетінде декларацияланбаған жүк тасымалдау әрекеті тоқтатылды.

Тіркемесі бар Камаз маркалы автокөлік құралын инспекциялық тексеру кешенін қолдану арқылы сканерлеу нәтижелері бойынша құжаттарда көрсетілген тауарлар мен көлік құралындағы заттар арасында айырмашылықтар анықталды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша жалпы салмағы 20 тоннаны құрайтын декларацияланбаған тауарларды анықтады. Оларға 5,5 млн теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар салынды.

Импорттаушы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес ЖШС иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Декларацияланбаған тауарлар бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы бюджетке өндірілді.