• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2022

Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ

353 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осы орайда министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19, сондай-ақ Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек», деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Аталған үш облыста мемлекеттік нөмірдің жаңа цифрлық таңбасын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.