• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2022

Алматыда дауылды ескерту жарияланды

220 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында қатты жаңбыр жауады деп ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нөсерлі жауын-шашын болжамына байланысты 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Алматының таулы аймақтарында ағынды сулардың пайда болуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі», деп мәлімдеді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Қалалық ТЖД мыналарды ұсынады:

автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз;

бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың «112» дабылдары мен хабарламаларының сигналдарын қадағалау.

Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы бассейндеріндегі өзендердегі «Казселезащита» бақылау бекеттерінің мәліметінше, жағдай тұрақты.

Сондай-ақ қала тұрғындарына тауға барудан бас тартуға кеңес берілді.