Қырғызстан Президентінің «Ала-Арча» резиденциясы аумағындағы «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды», деп жазылған хабарламада.