• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Мамыр, 2022

Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады

167 рет
көрсетілді

2021 жылы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарының операторлары мемлекет бюджетіне 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды  Egemen.kz.  

«2021 жылы 3 ірі оператордың қызметінен мемлекеттік бюджетке жалпы тікелей төлем көлемі 7,5 млрд доллардан асып түсті», делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің дерегінше, «Теңізшевройл» компаниясы еліміздің бюджетіне 4,5 млрд доллар төледі.

Республика Қарашығанақ жобасынан 2,6 млрд доллар алды. Оның ішінде профит-ойл (инвестордың кірісін қалыптастыратын және республика бюджетіне кететін мұнайдың бөлігі) түріндегі 1,98 млрд доллар - Ұлттық қорға, және салық түрінде 0,65 млрд доллар - жергілікті және республикалық бюджетке аударылды.

Ал Солтүстік Каспий жобасынан елімізге 0,4 млрд доллар (басым төлем түрінде 274 млн доллар және профит-ойл түрінде 170 млн доллар) түсті.

Аяна Тоғанбек