• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2022

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

364 рет
көрсетілді

Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Беларусь президентінің  сайтына сілтеме жасап.

«Сіздің жасампаз және жан-жақты қызметіңіз, белсенді өмірлік ұстанымыңыз және бай басқарушылық тәжірибеңіз қуатты және гүлденген Қазақстанды құруға, оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған», деп жазылған құттықтауда. 

Сондай-ақ ол Минск пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың тереңдей беретініне сенім артатынын атап өтті. 

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бейбітшілік және оның барлық жоспарларының орындалуын тіледі.