Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 сәуірде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президент осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған.