• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Сәуір, 2022

Өскеменде автобус 5 жасар қызды қағып кетті

335 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында автобус қаққан 5 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 21 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Бажов көшесінде болған.

«Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде мерт болған», делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.