Спорт 21 Сәуір, 2022

Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

710 рет
көрсетілді

Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

68 килода белдескен Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Белдесу соңында отандасымыз қарсыласынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. 

Айта кетсек, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр.