• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2022

Беларусьтен Қазақстанға ұшатын рейстер саны артады

Минскіден Қазақстаннның екі қаласына ұшатын рейстер саны артады, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«​29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын көбейтеді. Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Осылайша екі ел арасында аптасына 14 рейс орындалады», деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар