• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Наурыз, 2022

Қазақстандық алты ауыр атлет допинг дауына ілікті

371 рет
көрсетілді

Бүгін қазақстандық алты ауыр атлет допинг дауына ілікті. Олардың допинг талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді.

Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшылар допинг қолданғаны анықталды:

 Абылай Әуелханов;  Игорь Сон; Юлия Потасова; Руфина Шалқарова; Алексей Дроздов; Матвей Макрушин.

Барлық спортшылар Алматы облысының өкілдері.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы оқиғаға қатысты ішкі тергеу жүргізуді жоспарлап отыр.