• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 01 Наурыз, 2022

UFC президенті Чимаев-Бернс жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

459 рет
көрсетілді

UFC президенті Дана Уайт швециялық Хамзат Чимаев пен бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Гилберт Бернс арасындағы жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Дана Уайттың сөзіне сенсек, екі спортшы арасындағы шайқас 9 сәуір күні АҚШ-тың Флорида штатында өтеді. Соңғы рет Хамзат UFC 267 турнирі аясында қытайлық Ли Джинлиангты жеңген болатын. Жалпы Чимаев 10 кездесуде 10 рет жеңістің биік тұғырынан көрінсе, UFC-де төрт қарсыласынан айласын асырған. Ал Бернс болса соңғы шайқасында Стивен Томпсонды жеңген еді.