• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2022

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

360 рет
көрсетілді

ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу үшін жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. Бұл шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» және «Алтай-Богатырево» тасжолдарында жүргізілді.

«Бір аптадан кейін көктем келеді. Бұл қар көшкіні жүру қаупі ең жоғары кезең. Алайда қазірдің өзінде ауа температурасы күрт жылып, жауын-шашын жаууына байланысты облыста көшкін жүру қаупі туындаған. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары екі жолда профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді», деп хабарлады ведомство өкілдері.