• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 04 Ақпан, 2022

Бразилиялық спортшы Сергей Морозовты жеңетініне сенімді

240 рет
көрсетілді

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Дуглас Силва де Андраде UFC 271 турнирі аясында отандасымыз Сергей Морозовқа қарсы өткізетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«12 ақпан күні өтетін шайқасқа тас түйін дайынмын. АҚШ төріндегі жекпе-жекке дайындығым жоғары деңгейде өтті. Менімен бірге баратын барлық жанкүйерді өзіммен ертіп кетуге әзірмін. Бәріміз бірлесіп Бразилия халқына тағы бір жеңіс сыйлайтын боламыз», деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.