• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда бензин қымбаттады

1003 рет
көрсетілді

Қазақстанда бензин бағасы тағы да шарықтады. Мәселен, Алматыда ең танымал АИ-92 маркалы отынның бағасы 179 теңгеден 185 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша қазіргі уақытта ірі желілердегі АИ-92 бір литрінің өңірлер бойынша құны:

Нұр-Сұлтан - 178/182 тг; Шымкент - 175/179 тг; Алматы - 179/180 тг; Ақмола облысы - 182/183 тг Алматы облысы - 180/181 тг; Маңғыстау - 172/174 тг; Атырау облысы - 168/170 тг; БҚО - 172/174 тг; Қызылорда - 178/179 тг; ШҚО - 177/180 тг; СҚО - 182/183 тг; Павлодар - 178/179 тг; Қостанай - 177/182 тг; Түркістан - 175/189 тг; Қарағанды облысы - 180/182 тг; Ақтөбе - 172/174 тг; Жамбыл облысы - 179/181 тг.

Ұлттық Банктің деректері бойынша мұнай өнімдерін өндіруде бензин бағасының 28,1%-ға дейін және дизель отыны бағасының 11,4%-ға дейін өсуі тіркелген.