• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Желтоқсан, 2021

Елдің басым бөлігінде тұман болады

130 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірге ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертен облыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында күндіз жел шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында түнде тұман болжанады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман болады.

Түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.