• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Желтоқсан, 2021

Ақтауда кәріз құбырынан адам денесі табылды

418 рет
көрсетілді

Ақтаудағы кәріз құбырының бірінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәйіт 7 желтоқсан күні 26-шағынаудандағы кәріз құдығының ішінен табылған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

«Ер адам қасақана өлтірілмеген. Марқұмның денесінен дене жарақаттары мен зорлық-зомбылық белгілері табылмады», деп жазылған ПД хабарламасында.

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.