Малиде содырлардың автобусқа шабуыл жасауы кезінде кем дегенде 31 адамның қаза тапқаны туралы мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, оқиға салдарынан 31 бейбіт тұрғын қайтыс болған. Сонымен қатар содырлардың шабуылынан сегіз адам зардап шеккен. Шабуыл елдің шығысында орналасқан Бандиагара қаласында ұйымдастырылған.