• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қараша, 2021

Нурмагомедов полиция қызметкерін қағып кетті

233 рет
көрсетілді

Тергеу комитеті ресейлік аралас жекпе-жек шебері Усман Нурмагомедовқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс РФ ҚК 318-бабы бойынша (Билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) қозғалды.

Нурмагомедов мінген көлік Каспийск әуежайының жанындағы бақылау-өткізу пунктінде полиция қызметкерін қағып кетті. Спортшы Мәскеуде ұсталды.

Ереже бұзған Усман UFC-дің экс чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі. Ол Bellator ұйымының спортшысы ретінде сегізбұрышта бақ сынап жүрген болатын.