Аймақтар 09 Қараша, 2021

Ақтауда жол апатынан 2 адам көз жұмды

314 рет
көрсетілді

Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 8 қарашаға қараған түні 21.50 шамасында болған. Осы уақытта 102-ге 17-ші және 18-ші шағын аудандар арасындағы жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен.

«Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.

Қазір анықтаушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар