• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қазан, 2021

Қазақстан мен Әзербайжан діни ынтымақтастықты нығайтады

250 рет
көрсетілді

ҚР АҚДМ дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов және Әзербайжан Республикасының Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мүбариз Гурбанлы Діни қызметті реттеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Ержан Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі туралы айтып, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.   Мубариз Гурбанлы Әзербайжандағы қазіргі діни ахуал және діни білім беру жөніндегі мемлекеттік комитет жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудің қазақстандық тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты.   Әзербайжан тарапы - әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің белсенді қатысушысы, оны өткізу бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.   Кездесуді қорытындылай келе, тараптар екіжақты тығыз қарым-қатынастарды одан әрі жалғастыруға ниеттерін білдірді.