• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2021

Моңғолия қазақтары Моңғолия қоғамының ажырамас бөлігі - Елші

Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 12 қазандағы санында Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн  Баттулгадан алған  Меруерт Бүркітбаеваның сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моңғолия елшісі Қазақстан - Моңғолия арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастық пен достықты айта отырып, Моңғолиядағы қазақтардың өмір сүру салтына қысқаша тоқталды.

«Моңғолиядағы өзге ұлт өкіл­дерінің ішіндегі саны жағы­нан ең көбі – қазақтар. Олар Баян-Өлгий аймағында шоғыр­ланып, өмір сүреді. Қазақ­стан тәуел­сіздігін жариялаған соң дү­­ние жүзіне таралып кеткен қан­дастарын елге оралуға шақырып, көшіріп алу ісін қарқынды жүр­гізді. Моңғолиядан 90 мыңдай қазақ ағайын Қазақстанға көшіп келген. Моңғолияда өмір сүріп жатқан қазақтар – Моңғолия қоғамының ажырамас бір тобы. Қазақстан тарабы Баян-Өлгий ай­мағында дипломатиялық өкіл­дік ашу туралы ұсыныс біл­діріп келеді. Бұл мәселе жайлы келіссөз жүргізілу үстінде», деді Лувсангийн Баттулга.

Соңғы жаңалықтар