• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Видео 21 Қазан, 2021

Шымкент тұрғыны контрафактілік темекі сатқаны үшін сотталды

585 рет
көрсетілді

Темекі өнімдері және құрамында темекі бар өзге де өнімдер акцизделетін тауарлар және міндетті түрде таңбалауға жатады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер темекінің таңбасы болмаса, онда өнім контрафактілік болып саналады.

Бұл ретте, жыл сайын контрабанда мен контрафакт айналымы мемлекетке елеулі материалдық залал келтіреді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала аумағында темекі өнімдерін сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тиісті акциздік маркалары жоқ және лицензиясыз «Senator», «Мальмо» және «Корона» маркалы темекі сатқан Шымкент қаласының тұрғыны Е.Ағманов ұсталды.

Департамент қызметкерлері 15 000 қорап темекі өнімін тәркіледі.

Азамат Е.Ағманов 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.