• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Қазан, 2021

Футболдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

309 рет
көрсетілді

Бүгін, 12 қазанда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін екі құрама бір мәрте шеберлік байқасты. Биыл әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы алғашқы ойында қазақстандық футболшылар аталған қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Финляндия бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынап көрген емес.

Ал 2020 жылғы Еуропа чемпионатында В тобында Бельгия, Дания және Ресеймен шеберлік байқасып, үшінші орын алды.

Қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан елордада Босния және Герцоговинаға 0:2 есебімен есе жіберді.