Таиландтың Накхонпатхом қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өтуде. “Буревестник” клубы Азия турнирінде алғашқы ойыннан кейін көшбасшы болып отыр. Әрі қарайғы матчтарда жеңіске ұмтылуда.
Аталған жарыста Қазақстанның атынан Алматының «Буревестнигі» бақ сынауда. Алғашқы ойында отандастарымыз Ирактың «Соуз Газ Клубынан» 2:3 есебімен ұтылып қалған еді. Есесіне келесі екі кездесуде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, екінші турда жергілікті «Нахон Радчасиманы» ойсырата ұтты – 3:0. Кеше Шри-Ланканың «СЕБ» клубын сан соқтырды – 3:0. Қазіргі кезде алматылық волейболшылар жарыс кестесінде көш бастап тұр. Топтық турнирдегі соңғы бәсекесін «Буревестник» 12 қазан күні Кувейттің «Камзасымен» өткізеді.
Келесі топта Иранның «Сиржан Фоулад», Катардың «Әл-Араби Спортс Клуб», Филиппиннің «Ребиско», Өзбекстанның «АГМК» және Таиландтың «Даймонд Фуд» клубтары күш сынасуда.