• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қазан, 2021

Таразда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған адам ұсталды

339 рет
көрсетілді

Көлік полицейлері Тараз қаласының теміржол вокзалында Жамбыл облысының 53 жастағы тұрғынын ұстады, одан салмағы 7,5 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев хабарлады.

Н.Алибаевтың айтуынша, тәркіленген есірткінің салмағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол марихуананы биылғы шілде айының соңында өзі жинап, есірткіні Қарағанды қаласына теміржол көлігімен тасымалдауды жоспарлаған.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.