• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Қыркүйек, 2021

Асқар Мамин Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

203 рет
көрсетілді

Асқар Мамин ГФР бизнес өкілдерімен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ГФР бизнесінің, сондай-ақ Германия экономикасының шығыс комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді», деп хабарлайды Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Тараптар жаңартылатын энергетика, газ өңдеу, АӨК, машина жасау, тау-кен металлургия өнеркәсібі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Үкімет басшысы Германия Қазақстанның ірі сауда серіктестері мен негізгі инвесторларының бірі екенін атап өтті. 2005 жылдан бастап ГФР-дың ҚР экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $5,1 млрд құрады.

«2021 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72%-ға өсіп, $64,6 млн-нан асты, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының көлемі 26%-ға $1,2 млрд-қа дейін өсті, Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен энергетика, АӨК, машина жасау, құрылыс және логистика салаларында 950-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді», деді ҚР премьер-Министрі.

Кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов және басқалар қатысты.