Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында төбелес болды, салдарынан бір ойыншының басынан соққы алып, есінен танып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
AFL (Astana Fytbol Ligasy) ресми сайтындағы видео мен ақпаратқа қарағанда, бұл 11 қыркүйекте SanSet пен «Барыс» арасындағы матчте болған. Ойын «Жазғы біріншілік - 2 – 2021» турнирінің төртінші лигасы аясында өткен.
«Барыс» барлық ойында 0:5 есебімен жеңілген, SanSet-ке қарсы матчте де сондай нәтиже тіркелген.