• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қыркүйек, 2021

Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты

340 рет
көрсетілді

Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы матчтарда соғылған голдар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Футболшы ұлттық құрамадағы голдардың санын 110-ға жеткізді. Осылайша, футбол әлемінің жұлдызы 1993-2006 жылдар аралығында Иран құрамасы үшін 109 гол соққан экс-шабуылшы Али Дашадан озып, әлемдік рекорд орнатты.

Сонымен қатар Роналду екінші таймға қосылған алтыншы минутта да жеңіске жетті. Енді оның қоржынында 111 гол бар.