• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде 6 мектепті «миналаған»

350 рет
көрсетілді

Ақтөбеде алты мектеп «миналанған» деген жалған хабар тарады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 қыркүйек күні сағат 08:30 шамасында №2 ОМ электрондық мекенжайына алты мектеп туралы хабарлама келіп түсті.

Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Сондай-ақ, оқушылар мен оқытушылар құрамын және мектептердің техперсоналын эвакуациялау ұйымдастырылды.

«Қазір анонимді хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полициядан.