• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қыркүйек, 2021

Мексикадандық әлем чемпионы допингпен ұсталды

206 рет
көрсетілді

WBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Оскар Вальдес допингке ерікті тестілеу қауымдастығының антидопингтік тестінен сүрінді. Боксшының ағзасынан тыйым салынған препарат фенетермин табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) өкілдері аталған жағдай бойынша зерттеу шаралары аяқталмайынша, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Осы арада АҚШ-тың Аризона штаты, Тусон қаласында Casino Del Sol-да 10 қыркүйекке жоспарланған Оскар мен бразилиялық Робсон Консейсан арасындағы жекпе-жектің тағдыры белгісіз болып отыр.

Еске сала кетсек, Оскар осы жылдың 20 ақпанында екінші жеңіл салмақта чемпион белдігін жеңіп алды. Ол оныншы раунда өзінің отандасы Мигель Берчельтаны нокаутқа жіберген болатын.