• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Тамыз, 2021

Алдағы күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

366 рет
көрсетілді

Синоптиктер 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Иран аймақтарынан келген ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аудандарын қамтиды. Бұл өңірлерде қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы - 35-40, кей жерлерде 43°С дейін жетеді.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°C болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.