• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Маусым, 2021

Садақ атудан әлем кубогі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай?

220 рет
көрсетілді

Францияның Париж қаласында садақ атудан әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынды: ерлер арасындағы олимпидалық айналымда ең жоғарғы нәтижені Ильфат Абдуллин көрсетті.

Ол 9-шы орын иеленді.

Ал Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев және Денис Ганькин 57-ші орында.

Әйелдер арасындағы олимпиадалық айналымда Фарида Тукебаева – 33-ші, Анастасия Баннова, Алина Ильясова және Гаухар Игібаева 57-ші сатыдан көрінді.

Командалық сында Қазақстан командасы 17-ші орын алса, аралас командалық бәсекеде 9-шы орын иеленді.