• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Маусым, 2021

Берлин орталығында атыс болды

115 рет
көрсетілді

Берлин қаласында дүйсенбіге қараған түні болған атыс салдарынан кем дегенде үш адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Bild газеті мәлімдеді.

Басылымның жазуынша, оқиға Веддинг ауданындағы бардың жанында орын алған. Атыс салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Қаскүнемнің әлі табылмағаны хабарланып отыр. Аумақты полицейлер қоршап алған, оқиғаны тергеу амалдары басталып кетті.