• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Білім 09 Маусым, 2021

Докторантураға түсу емтихандары электрондық форматта өтеді

186 рет
көрсетілді

Докторантураға түсу емтихандары 2021 жылы алғаш рет электрондық форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы магистратураға түсу кезінде тестілеудің электрондық форматы апробациядан сәтті өткен.

«Өткен жылы магистратураға алғаш рет пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық. Биыл да бұл рәсім электрондық форматта өтеді. Біз бұл механизм сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тұрғысынан өте дұрыс және тиімді екенін байқадық. Енді магистратураға қабылдау тұрақты негізде электрондық форматта жүзеге асырылады», деп атап өтті Асхат Аймағамбетов. 

Ведомство басшысы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру барлық кедергі мен тәуекелдерді жоюға әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов студенттерге шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесін әзірлеу туралы айтып берді. Ендігі кезекте студенттер, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары олардың карта шоттарына тікелей түсетін болады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін шәкіртақыны студенттердің үлгеріміне қарап, жоғары оқу орындарының өздері аударатын еді. Пилоттық жобаны іске асыру басталып кетті.